Футболдан Конференция лигасының жеребесі тартылды. Негізгі кезеңге жолдама алған "Астана" командасына бірінші себеттегі үздік клубтар қатарынан "Челси" командасы қарсылас атанды. Ойын Қазақстанда өтеді.
Биылғы еурокубоктың топтық кезеңі жаңа форматта болады. Жеребе тарту да жасанды интеллект көмегімен жүзеге асырылып жатыр. Қазақстандық клуб негізгі кезеңде 6 командамен (бір-бір реттен) ойнап шығады.
Григорий Бабаян жаттықтыратын елордалық командаға "Челсиден" бөлек АПОЭЛ (Кипр), "Витория" (Португалия), "Нью-Сейнтс" (Уэльс), "Бачка Топола" (Сербия), "Пафос" (Кипр) командалары қарсылас атанды.