"Астанадан" тағы алты футболшы кетпек
"Астана" командасы тағы алты футболшымен қоша айтыспақ, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
"Астана" командасы тағы алты футболшымен қоша айтыспақ, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
"Елордалық командадан Педро Эуженио, Валерий Чуперка, Энео Битри, Лука Шимунович және Энрике Лопес секілді легионер футболшылар кетеді. Сонымен қатар, ұжым Қазақстан құрамасының қақпашысы Дмитрий Непогодовпен де қоштасады. Оның келесімшарты жыл соңында аяқаталады.
Айта кетейік, португалиялық Педро Эуженио мен албаниялық Энео Битри "Астанаға" биыл жазда ғана қосылып, бірнеше ай ғана ойнады.
Ал бұған дейін командадан тағы бір легионер Тигран Барсегян кетті. Ол словакиялық "Слован" командасына қосылды. Антонио Рукавина болса карьерасын аяқтады", - деп жазады дереккөз.
Осылайша "Астана" командасы сапында легионерлердің саны бірден азайып кетті. Қазір команда сапында Марин Томасов (Хорватия), Жарко Томашевич, Фатос Бечирай (екеуі де – Черногория) және Макс Эбонг (Беларусь) сынды шет елдік футболшылар қалды.
Жарнама