"Астанадан" кеткен Роман Григорчук екінші жүлдесін жеңіп алды

Сурет "Шахтер" сайтынан алынды.

Елордалық "Астана" командасының бұрынғы бас бапкері, қазіргі уақытта солигорлік "Шахтер" командасын жаттықтырып жүрген Роман Григорчук командасымен бірге Беларусь Суперкубогін жеңіп алды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Шахтер" командасы бірінші рет Суперкубокті жеңіп отыр. Барсиов қаласының БАТЭ командасына қарсы өткен ойында Григорчуктің командасы пенальти сериясында жеңіске жетті. "Шахтер" командасы сапында жеңісті пенальтиді қақпашы Александр Гутор соқты. 

Еске салайық, Григорчук 2020 жылдың қаңтар айында "Астана" командасынан кеткен болатын. Елордалық команданың тізгінін 2018 жылдың тамызында ұстап, 2019 жылдың соңына дейін жаттықтырды. Бұл бапкердің қоластында "Астана" Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан Суперкубогін жеңіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты. 

Ал өткен маусымда Григорчук "Шахтер" командасымен бірге Беларусь біріншілігінің чемпионы атанды. Оның командасы "Астананың" бұрынғы шабуылшысы Жуниор Кабананга ойнайды. 

 

Метки:
Жаңалықтар