"Астанадан" кеткен құрама қақпашысы "Тобылға" қосылды

©ҚФФ

Қазақстан құрамасының қақпашысы Дмитрий Непогодов "Тобыл" сапына қосылды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

"Астананың" бұрынғы қақпашысы қостанайлық клубта бұрын да ойнаған - 2017 және 2018 маусымында 68 матчке қатысты.

Былтыр Непогодов "Астана" сапында өте нашар өнер көрсетті, сондықтан, астаналықтар қақпашымен келісімшартты ұзартпады.

"Тобыл" Александр Мокинді алмастыра алатын ойыншы іздеп, таңдаулары Непогодовқа түскен сияқты. Тараптар келіссөз өткізіп, келісімшарт жасап та қойған екен.

Айта кетейік, мұның алдында "Тобыл" сапына "Астананың" бұрынғы қорғаушысы Жарко Томашевич те өткені белгілі болды.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport