"Астанадан" кеткен Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы баратын жаңа клуб белгілі болды

© KazFootball.kz
Қазақастан құрамасының бұрынғы қақпашысы Александр Мокин "Қызыл-Жар СК" командасына келді, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

38 жастағы Мокин "Астана" үшін 2016 жылдан ойнаған. Оған дейін футболшы "Шахтер", "Ордабасы", "Алма-Ата", "Оқжетпес", "Астана" (бұрынғы "Жеңіс"), "Достық" пен "Жігер" командаларында өнер көрсеткен. Шымкенттік футбол мектебінің түлегі Қазақстан құрамасы үшін 21 ойынға қатысқан.

Мокин карьерасында алты рет Қазақстан чемпионы атанып, үш рет ел Кубогы мен бір рет Суперкубокты ұтқан. Ол Еуропа лигасы топтық кезеңінде екі бөлек клуб үшін ойнаған қазақстандық бірінші қақпашы - "Шахтер" мен "Астана".

Айта кетейік, "Қызыл-Жар СК" 2019 жылы бірінші лига чемпионы атанып, бір маусымнан кейін ҚПЛ-ге оралды.