"Астанадан" кеткен Кабаганганың жаңа клубқа трансферінің құны белгілі болды

© "Астана" ФК
"Астананың" бұрынғы шабуылшысы Жуниор Кабананга карьерасын "Катар СК" клубында жалғастырады, дохалық клуб футболшының трансфері үшін Сауд Арабиясының "Аль-Наср" командасына 1,8 миллион еуро төлейді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2018 жылы қыста Кабананга "Астанадан" саудиялық "Аль-Наср" сапына екі миллионға өткен болатын, келісімшарт мерзімі 2,5 жыл. Эль-Рияд қаласының командасы үшін конголезиялық футболшы алты матч ойнап, төрт гол салды. Осыдан кейін "Астанаға" жалға алу құқымен оралды.

Алайда Қазақстан чемпионатында Кабананга бұрынғыдай жақсы ойнай алмады, ҚПЛ-дегі 20 матчта ол тек екі гол салды. Бұған дейін ол "Астанамен" бірге төрт рет ел чемпионы атанды, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде және Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде ойнады.

Жазғы трансферлік кезеңде 30 жастағы Кабананга "Катар СК" командасымен екі жылға келісім жасады. Ал маусымда бұл команданы "Қайраттың" бұрынғы бапкері Карлос Феррер жаттықтыра бастаған болатын.