"Астанадан" кеткен Благоевич "Ақтөбе" немесе "Тобылдың" тізгінін ұстауы мүмкін

14 қыркүйек 2022 17:54
©"Каспий" ФК

Жуырда ғана "Астана" командасының бас бапкері қызметінен кеткен сербиялық маман Срджан Благоевич бапкерлік мансабын Қазақстанда жалғастыруға ниетті, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. 

Благоевичтің өкілдері маманның қызметін ҚПЛ-де көш басшы командаларға ұсынуда. Олардың ішінде "Тобыл" мен "Ақтөбе" бар. 

Аталған екі команда бапкерлерінің болашағы осы маусымның қорытындысына тікелей байланысты болады. Бірақ Қостанай облысы басшылары "Тобыл" бас бапкері Милан Милановичтің жұмысына қазірдің өзінде көңілі толмайды. 

Айта кетейік, Благоевич осы аптада елордалық "Астана" командасынан кетті. Клуб еурокубокте сәтсіз ойнап, ҚПЛ-де екінші орында келді. Оның орнына "Астана" командасының тізгінін Григорий Бабаян ұстады. 

49 жастағы маман "Астана" командасына дейін Қазақстанда "Каспий" клубын жаттықтырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар