"Астанадан" кеткен Андрей Тихонов жаңа жұмыс орнын іздестіруде

©"Астана" ФК

Елордалық "Астана" командасының бұрынғы бас бапкері Андрей Тихонов жаңа жұмыс орнын іздестіруде. Бұл туралы бапкердің өзі "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұқбатында айтты. 

"Қазір демалып жатырмын. Жаңа жылға дейін ештеңе істемеймін. Дегенмен қазірдің өзінде жаңа жұмыс орнын іздестірудемін. Жаңа жылдан кейін білекті сыбанып жұмыс іздеймін. Егер Ресей біріншілігіндегі клубтардан ұсыныс түсетін болса, міндетті түрде қарастырамын", - деді Тихонов. 

Еске салайық, бұл маман "Астана" тізгінін 2020 жылдың қазан айында ұстады. Тихоновтың бастамасымен елордалық команда 2021 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Қазақстан кубогінің жартылай финалы шықты. 

Дегенмен маман жартылай финалда командасын алаң жиегінен басқара алмады. Себебі бұған дейін ҚФФ Тәртіпті бақылау комитеті Андрей Тихоновты екі жылға шеттетіп жіберген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар