"Астана" шабуылшысы Абат Айымбетов "Ақтөбе" клубына оралуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлап отыр.
Футболшы мен клуб арасында келіссөз өтіп жатыр.
Маусым соңында жалға ойнау келісімі аяқталысымен Айымбетов "Астанадан" кетеді.
Айымбетовтің негізгі келісімшарты ресейік "Крылья Советов" клубында, алайда, ол самаралық командаға оралуы екіталай.
Абат "Ақтөбе" сапында бұрын да ойнап, 2013 жылы ел чемпионы атанған.
ҚПЛ-дің өткен маусымында 26 жастағы футболшы 14 матчте алты гол салып, бір ассист жасапты.