"Астанадан" жалға алынған форвард еуропалық клубтың ең қымбат ойыншыларының бірі атанды

© "Лугано" ФК
Кюрасао құрамасының форварды Рангело Янга швейцариялық "Лугано" клубының ең қымбат футболшылары арасында төртінші - трансфер құны 1,1 миллион еуро, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші үштікте 23 жастағы қақпашы Ноам Бауманн (екі миллион еуро), 28 жастағы жартылай қорғаушы Маттиа Боттани (1,5 миллион еуро) және 28 жастағы хавбек Марко Араторе (1,3 миллион еуро).

27 жастағы Янганы швецариялық клубқа "Астана" 30 маусымға дейін жалға берді. Легионер қазақстандық клубта 2018 жылдың жазынан ойнайды.

Айта кетейік, қыста "Астана" сапынан Ричард Алмейда ("Бани Яс"), Роман Муртазаев, Серікжан Мужиков (екеуі де "Тобыл"), Сергей Хижниченко ("Ордабасы"), Талғат Кусяпов ("Оқжетпес"), Александо Мокин мен Фирмин Мубеле кетті.
Жаңалықтар