"Астанада" ойнаған Қазақстан жастар құрамасының футболшысы басқа клубқа ауысты

© "Астана" ФК
Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы мен "Астана" футболшысы Талғат Кусяпов көкшетаулық "Оқжетпес" сапына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

20 жастағы қорғаушы бұл команда үшін бұрын да ойнаған - 2018 жылы 15 матчке қатысты. 

Ақтаулық футбол мектебінің түлегі карьерасын "Астанада" бастап, екінші лигадағы жастар командасында тұрақты ойнады. 2017 жылы бірінші команда сапында премьер-лигадағы алғашқы матчын ойнады. Келесі жылы Қазақстан Кубогында "Астана" үшін тағы бір ойынға қатысты. 

Өткен маусымды Кусяпов "Каспийде" өкізіп, 24 матчте бір гол салды. Маусым қорытындысы бойыншакоманда ҚПЛ-ге шықты. 


Жаңалықтар