"Астана" сербиялық ТСК командасымен жолдастық кездесу өткізбейді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы ойын 24 қаңтарға белгіленген болатын, алайда, астаналықтардың дайындық жоспары өзгерді.
Ал 31 қаңтарда "Астана" болгариялық "Ардамен" де ойнау керек еді.
Еске салайық, "Астана" ҚПЛ-2021 маусымында екінші орында болды. Ал маусым аралығында Марко Милошевич, Артем Рахманов, Брайан Сильва мен Камо Оганесян сияқты футболшыларды қатарына қосты.