"Астана" трансферлік баннан құтқаратын амал тапты
©"Астана" ФК
Шабуылдайтын жартылай қорғаушы Жасұлан Қайыркенов келесі маусымды "Астанада" өткізеді. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлап отыр.
Шабуылдайтын жартылай қорғаушы Жасұлан Қайыркенов келесі маусымды "Астанада" өткізеді. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлап отыр.
Астаналық клуб басшылығы 21 жастағы тәлімгерлеріне мүмкіндік бермек. Трансферлік банға байланысты "Астана" алдағы үш кезеңде жаңа ойыншы ала алмайды. Сондықтан команда келесімшарт жасалған футболшылар мен өз тәлімгерлеріне баса назар аударатын болды.
2021 жылғы маусымды Қайыркенов жалға алу құқымен "Атырау" сапында өткізді. "Мұнайшылармен" өткізген 19 ойында ол бір гол салып, екі ассист жасады. Сонымен бірге, ол Қазақстан кубогында төрт матчке қатысты.
Жарнама