"Астана", "Тобыл" мен "Шахтер" Конференция лигасына қатысқаны үшін қанша сыйақы алатыны белігілі болды

Сурет: Footballua.tv

Еуропалық футбол кеңесі (УЕФА) Конференция лигасының әр кезеңіне өткен клубтарға қанша сыйақы тағайындалғанын жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Moldfootball-ға сілтеме жасап.

Қазақстан атынан жаңа турда үш команда өнер көрсетеді "Тобыл", "Астана" және "Шахтер". Үшеуі де жарысты екінші іріктеу раундынан бастайды. 

Әр команда әр раунд үшін 100 000 еуро алады. Сонымен қатар, кезеңнен шығып қалғаны үшін де келесідей өтемақы белгіленген:

Бірінші іріктеу раундынан шығып қалғанда: 150 000 еуро.

Екіншісінен: 350 000 еуро.

Үшіншісінен: 550 000 еуро.

Плэй-офф раундтан шығып қалса: 750 000 еуро.

Осылайша, қазақстандық клубтарға турнирдің басында шығып қалса да жалпы 450 мың еуро тиеді.