"Астана", "Тобыл" және "Шахтердің" Конференция лигасындағы бірінші ойындарының уақыты мен орны белгілі

Сурет: УЕФА

Конференция лигасы 2021/22 маусымындағы қазақстандық клубтардың бірінші матчтері қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

 "Астана", "Тобыл" және "Шахтер" УЕФА-ның жаңа еурокубоктық турниріндегі жарыс жолын екінші іріктеу раундынан бастайды.

Осылайша, "Астана" 22 шілдеде "Астана Аренада" грекиялық "Аристі" қабылдайды, басталу уақыты - 19:00.

23 шілдеге қараған түні "Шахтер" сырт алаңда румыниялық "Стяуамен" ойнайды (00:30), "Тобыл" да сыртта хорватиялық "Хайдукпен" 01:00-де кездеседі.

Қарымта ойындар 29 шілдеде.

Жаңалықтар