"Астана" - "Тобыл" және Қазақстан чемпионатының тағы екі матчіне тікелей көрсетілім

Сурет: "Астана" ФК

Бүгін, 13 маусымда футболдан Қазақстан чемпионатының 15-ші тур матчтері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін ҚПЛ-де көш бастап келе жатқан "Астана" чемпиондық атаққа басты үміткерлердің бірі - қостанайлық "Тобылмен" ойнайды. "Астана Аренадағы" кездесу 19:00-де басталады.

Қатар өтетін матчте "Қайрат" сырт алаңда "Таразбен" ойнайды. Бұл алматылықтар үшін бас бапкер Алексей Шпилевский кеткеннен кейінгі бірінші матчі болады. 
 
Ал 21:00-де "Қайсар" өз алаңында "Тұранды" қабылдайды.

Барлық ойынды ҚКФЛ-ТВ арнасынан мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.

"Астана" - "Тобыл" ойынын Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарна сайтында мына сілтеме арқылы қолжетімді.