"Астана" тарихындағы ең мықты бомбардир жаңа клубы үшін бірінші голын салды

"Газиантеп" ФК
Қазір "Газиантеп" командасында ойнайтын "Астананың" бұрынғы шабуылшысы Патрик Твумаси Түркия Суперлигасының үшінші турында "Сивасспор" қақпасына гол салды, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Твумаси 35-ші минутта гол салды, ал екінші таймда алаң иелері есепті теңестірді. Осылайша, ойын 1:1 есебімен аяқталды. 

Еске салайық, өткен айда ганалық шабуылшы "Газиантеппен" бір жылға келісімшарт жасасты. "Астананың" бұрынғы ойыншысы Испания Примерасында өткен маусымда "Алавес" үшін 14 матч ойнаған еді.  

Твумаси "Астана" сапында 2013 пен 2018 жылдар аралығы ойнады және клуб тарихындағы үздік бомбардир. Ол астаналық клуб үшін 171 матч өткізіп, 69 гол салды және 27 ассист жасады.