"Астана" тағы бір футболшымен келісімшарт мерзімін ұзартты

21 желтоқсан 2021 21:41
©"Астана" ФК

"Астана" командасы қақпашы Александр Заруцкиймен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қақпашы мен клуб арасындағы жаңа келісімшарт 2023 жылдың соңына дейін жасалған. 

"Саша "Астана" сапына 2021 жылдың басында қосылған болатын және клубтың маусымдағы үздік ойыншыларының бірі атанды. Өзінің сенімді ойынының арқасында жанкүйерлер мен футбол мамандарының көз айымына айналды", - деп жазады баспасөз қызметі. 

Ал Айдын Қажахметтің ақпараты бойынша, елордалық команданың екінші қақпашсы Дмитрий Непогодов клубта қалмайды. Марко Милошевичтің болашағы белгісіз болып тұр. 

Еске салайық, бұған дейін "Астана" командасы капитан Абзал Бейсебеков және жартылай қорғаушы Исламбек Қуатпен келісімшартты ұзартқаны туралы хабарлаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: