"Астана" сынға көп ұшыраған қақпашысын сататын болды
"Астананың" сербиялық қақпашысы Марко Милошевич елордалық командадан кетеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Астананың" сербиялық қақпашысы Марко Милошевич елордалық командадан кетеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
31 жастағы қақпашы командағы Григорий Бабаян келгеннен бері негізгі құрамдағы орнынан түбелейлі айырылып қалды.
Соңғы рет ол алаңға 31 тамыз күні Қазақстан кубогі ойынында "Мақтааралға" (1:0) қарсы кездесуде шықты.
"Астана" командасы оның орнына қазақстандық қақпашы Александр Заруцкийге көбірек сенім артқанды жөн санап отыр.
Сонымен қатар, Милошевич елордалық команда сапында бір легионердің орнын алып отыр.
Қысқы трансфер кезінде "Астана" командасы Заруцкийге бәсекелес болатын басқа қақпашысы сатып алмақшы.
"Астанаға" ауысарға дейін Милошевич өз отанында "Синджелич", "Смедерево", "Вождовац", "Земун" және "Напредак", ал Қазақстанда "Каспий" командасының қақпасын күзеткен.
Жарнама