"Астана" соңғы турда "Ақжайықты" қомақты ақшамен жігерлендірмек

©"Астана" ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы турында "Астана" командасы "Тобылға" қарсы кездесу өткізетін "Ақжайық" командасын қомақты ақшамен жігерлендірмек, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. 

Оралдық команда алдағы кездесуде жеңіске жетсе, елордалық команда 200 мың доллар, ал тең түссе 100 мың доллар беруге дайын екен. 

Ал соңғы турда "Астана" командасы "Тұранды" жеңу керек. Бұл ойында елордалық клуб сапында бас бапкер Андрей Тихонов пен жартылай қорғаушы Тигран Барсегян қатыса алмайды. 

Еске салайық, Қазақстан біріншілігінің аяқталуына бір тур қалғанда "Астана" турнир кестесінде "Тобылдан" екі ұпай қалып келеді. 

Егер соңғы турда "Астана" ұжымы "Тұранды" жеңіп, "Тобыл" командасы "Ақжайықпен" тең ойнайтын болса, командалардың ұпайы теңеседі. Сөйтіп, Қазақстанның чемпионы "алтын матчта" анықталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: