"Астана" шабуылшысының РПЛ-дағы жалақысы белгілі болды

©"Астана" ФК

Нидерландтық шабуылшы Раи Влут "Уралмен" келісімшартқа отырса, жалақысы едәуір өседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. "Астана" ойыншысына 3 жылдық келісімшарт ұсынылды.  

Ресей Премьер-лигасындағы (РПЛ) клубпен жасалатын келісімшарт бойынша жалақы көлемі  40 000 еуро (шамамен 18,7 миллион теңге) болмақ. 

Влуттың қазақстандық команда сапында ойнап алатын айлығы шамамен екі есеге аз. 800 мың еуро тұратын ойыншы, "Уралға" 250 мың еуроға ауысып кетуі мүмкін. 

Қоса кетейік, "Астананың" 27 жастағы шабуылшысы осы маусымда клуб үшін 19 ойын өткізіп, жеті гол мен төрт нәтижелі пас авторы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар