"Астана" сербиялық ойыншыны қатарға қосты

16 желтоқсан 2022 16:52
©Тобыл ФК

"Астана" клубы Душан Йованчичті қатарға қосты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сербиялық ойыншы осыған дейін "Тобыл" сапында өнер көрсеткен. Әзірге жартылай қорғаушының елордалықтармен қанша уақытқа келісім жасасқаны белгісіз.

Еске салайық, Йованчич спорттық жолында "Црвена Звезда" сапында екі рет Сербия чемпионы атанды. "Тобылмен" Қазақстан чемпионатын жеңді. Сонымен қатар, Сербияның "Земун", "Борац", "Воеводина", "Шумадия" және Түркияның "Ризеспор" командаларының намысын қорғады.

Футболшы "Астана" сапында 29 нөмірмен өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport