"Астана" сербиялық бапкерге ұсыныс жасады

©"Каспий" ФК

"Каспийдің" бас бапкері Срджан Благоевичке "Астана" клубынан ұсыныс түсті, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы. 

"Қазір елордалық клубта "Каспийдің" бұрынғы бас директоры Санжар Сейітқазиновтың жұмыс істейтінін ескерсек, бұл таңқаларлық жағдай емес.

Дегенмен, сербиялық маман Қазақстанның алты дүркін чемпиондары сапындағы жағдайдың қалай өрбігенін сырттан бақылап отыруды жөн көріп, бұл ұсынысқа келісімін беруге асықпайды. Благоевичті түсінуге болады: қазіргі жағдайда "Каспийден" "Астанаға" ауысу жоғарыға қарай жылжу дегенді білдірмейді, сондықтан Срджанның елордалық клубты тізгіндеуі екіталай", - делінген хабарламада.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: