"Астана" сапынан кеткен легионер мәлімдеме жасады

©"Астана" ФК

"Астананың" сербиялық қорғаушысы Антонио Рукавина карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы "Спортски журнал" хабарлап отыр.

"Соңғы үш жылды "Астанада" өткіздім. Баннер мен осындай алғыстар болады деп ойламадым. Карьерамдағы тамаша жылдар үшін "Астанаға" рахмет айтамын. Қаңтарда 38 жасқа толдым. Отбасы туралы ойлайтын уақыт келді. Жаздан бері бутсымды ілетін шеге іздедім дегендей. Өмірімнің жаңа парасын бастаймын", - дейді Рукавина.

Рукавина "Астанадан" келісімшарты аяқталысымен кетті. Астаналық команда үшін ол 105 матч ойнаған екен.

Кәсіпқой карьерасын ол 2002 жылы "Бежаньде" бастады. Одан кейін "Партизан" (2007), "Боруссия" Дортмунд (2008), "Мюнхен 1860" (2009-12), "Вальядолид" (2012-14) және "Вильярреалда" (2014-18) ойнады.

Сербия құрамасы үшін Рукавина 59 матчке қатысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport