Футбол
4 желтоқсан 2018 15:11
 
"Астана" Роман Григорчуктың оралуына қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

"Астана" Роман Григорчуктың оралуына қатысты пікір білдірді © Footboom.kz

"Астана" футбол клубы бас бапкер Роман Григорчуктың командаға қайтып келуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Украиналық маман тамыздың ортасында командадан уақытша кеткен - басты себеп бапкердің жеке басының қиындықтары. 

"Команданы "Реннмен" матчқа бас бапкердің міндетін атқаратын Бабаян Григорий Константинович бастаған бапкерлік штабы дайындайды. Еуропа лигасының топтық кезеңі матчтері аяқталысымен, клубтың ресми сайтында Роман Иосипович Григорчук өз міндетіне қашан ресми түрде кірісетіні туралы ақпарат жарияланады", - дейді клубтың баспасөз қызметі. 

Бас бапкердің міндетін атқаратын Григорий Бабаянның жаттықтыруымен "Астана" бесінші рет ҚПЛ-ді ұтты және Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты. 13 желтоқсанда астаналықтар франциялық "Реннмен" ойын өткізеді - жеңімпаз К тобындағы плей-оффқа жолдама алатын екінші команда болады. 

Ал Роман Григорчук 1 маусымда тағайындалған еді. Украиналық бапкердің жаттықтыруымен қазақстандық команда чемпионатта бес жеңіске жетіп, екі рет тең түсті, ал Чемпиондар лигасында черногориялық "Сутьеску" (1:0, 2:0) мен даниялық "Мидтьюлландты" (2:1, 0:0) жеңіп, загребтық "Динамодан" жеңілді (0:2, 0:1).

Жарнама

Живи спортом!