"Астана" ресейлік командамен екі жолдастық кездесу өткізеді

©"Астана" ФК

"Астана" ресейлік "Крылья Советов" командасымен екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ресейлік клубтың баспасөз қызметі. 

Екі ойын да 9 ақпан күні Түркияда өтеді. Қазіргі уақытта елордалық клуб оқу-жаттығу жиындарын осы елде өткізуде. Бұл жаттығу жиындары 31 қаңтарға дейін жалғасады. Содан соң команда демалып, қайта жаттығуға кіріседі. 

24 қаңтар күні "Астана" сербиялық ТСК командасына қарсы матч өткізуі керек еді. Алайда елодалық команданың жоспары өзгеруіне байланысты бұл ойын өтпеді. Ал 31 қаңтар күні Срджан Благоевичтің командасы болгариялық "Арда" командасымен ойнайды. 

Еске салайық, "Астана" өткен маусымда Қазақстан чемпионатында екінші орын алды. Ал қысқы трансферлік кезеңде команда Марко Милошевич, Артем Рахманов, Брайан Сильва, Аслан Дарабаев және Камо Оганесянды қатарға қосыты. Ал "Крылья Советов" болса Ресей біріншілігінде 16 команданың ішінде сегізінші орында келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: