"Астана" Түркиядағы оқу-жаттыу жиыныдарында екінші бақылау матчін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Срджан Благоевич жаттықтыратын команда "Крылья Советовпен" ойнады, самаралықтар РПЛ-де сегізінші келеді.
Бірінші таймда ресейлік команда басым болды (0:1). Екінші тайм басында "Астана" сапынан Абат Айымбетов (46-минут) гол салды, алайда, 64-минутта "Крылья" есепті арттырды.
Осылайша, "Астана" екі бақылау матчінің екеуінде де ұтылды.