"Астана" Ресей чемпионатында ойнаған легионермен қоштасты

30 желтоқсан 2021 15:44
©"Астана" ФК

"Астана" жартылай қорғаушы Валерий Чуперканың сапынан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұндай шешім екі жақты келісім бойынша қабылданды.

Еске салайық, Чуперка "Астана" сапына маусым басында өткен. Астаналық команда үшін өткізген жалпы 35 ойында ол төрт гол салып, үш нәтижелі пас берген.

Жартылай қорғаушы карьерасында молдовалық "Академия УТМ", ресейлік "Краснодар", "Енисей", "Спартак-Нальчик", "Анжи", "Томь", "Балтика" мен "Тамбов" үшін өнер көрсеткен. 

Түрлі уақытта Молдова құрамасы, жастар және жасөспірімдердің ұлттық командаларында да ойнаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport