Премьер-лиганың екінші айналымындағы "Астана" мен "Каспий" арасындағы ойын стадиондағы жанкүйерлерсіз өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Нұр-Cұлтан қаласының COVID-19 індетінің таралуына байланысты "қызыл" аймақта болуы себебінен қалада көпшілікке арналған шаралардың өткізілуіне тыйым салынған.
Естеріңізге сала кетейік, ойын 19 наурыз күні, Нұр-Cұлтан уақытымен сағат кешкі 18:00 басталады. Матчты Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.