"Астана" өз матчін "Қайраттың" стадионында өткізуі мүмкін

"Астана" футбол клубы Алматыдағы "Жас-Қыран" стадионын қосымша арена ретінде қарастырып отыр. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне ҚКФЛ президенті Олжас Абраев хабарлады.

"Астана" өз матчтерін Қызылордада өткізу жолын қарастырған. Бірақ бірнеше фактор әсерінен таңдау Алматыға түсті, "Жас-Қыран" академиясының алаңына. Мұнда инфрақұрылым мен логистикалық мүмкіндіктер есепке алынды. Сонымен бірге, астаналық клуб ойындардың бірін Орталық стадионда ("Қайрат" алаңында) өткізуі де мүмкін.

Әзірге "Жас-Қыран" мақұлданған жоқ. Бұл стадионда көреремен отыратын орынды 1500-ға дейін көбейту керек", - дейді Абраев.