"Астана" өз алаңында "Таразды" ірі есеппен ұтты

27 қыркүйек 2021 20:10
©"Астана" ФК

"Астана" Қазақстан чемпионатының 22-турында "Тараз" командасын өз алаңында ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Кездесу бүгін, 27 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, 3:0 есебімен елордалық команданың пайдасына аяқталды. 

Ойынның бірінші минутында Марин Томасов гол соғып, "Астананы" алға шығарды. Кейін жетінші минутта Тигран Барсегян есепті еселесе, 21-минутта Томасов дубль авторы атанды. 

22-турдан кейін Андрей Тихонов тәлімгерлері 50 ұпай жинап, турнир кестесінде көш басында келеді. "Астана" екінші сатыда тұрған "Тобылдан" бір ұпай алда. "Тараз" болса 11-орында. Жамбылдық команданың еншісінде 25 ұпай бар. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: