"Астана" - "Ордабасы" және ҚПЛ-дегі тағы екі ойынға тікелей трансляция

Сурет: "Астана" ФК

Бүгін, 22-маусымда футболдан Қазақстан чемпионатының 17-ші турының бірінші ойын күні өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші ойын "Астана Арена" сатдионында басталады, "Астана" командасы "Ордабасымен" кездесу өткізеді. Ойынның басталуы 19:00. Матчті Qazsport арнасынан тамашалауға болады.

20:00-де Оралда жергілікті "Ақжайық" қарағандылық "Шахтермен" кездесу өткізеді.

Ал 21:00-де "Ақтөбе" - "Кызыл-Жар" ойыны болады.