"Астана" футбол клубы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде швейцариялық "Лозаннадан" ұтылып, жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Астанада өткен жауапты матчта қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Голдарды 48-минутта Беятт Лекуэйри мен 66-минутта Гауссу Дьяките соқты.
Бірінші гол доптың бағытын өзгертуі салдарынан Лекуэйриге соққы жасауға қолайлы позицияға шығарғандығынан болса. Ал екінші гол - "Астананың" қорғаныстағы сәтсіз ойынының салдары. Дьяките қорғаушы Кипрас Кажуколовасты оңай айналып өтіп, дәл соққы жасады.
Екінші голдан кейін "Астана" жеңілісті іштей мойындағандай болды. Жағдайды 86-минутта Макс Эбонгтың алған қызыл қағазы қиындата түсті - команда азшылықта қалды.
Екі ойын қорытындысы бойынша жалпы есеп "Лозаннаның" пайдасына 5:1. Енді швейцариялық клуб Конференция лигасының плей-офф кезеңінде "Сент-Патрикс Атлетик" (Ирландия) пен "Бешикташ" (Түркия) арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.
Сурет: Маржан Қуандықова