Футбол
15 тамыз 08:33
 

"Астана" мен "Лозана" матчі екі гол және ойншының алаңнан қуылыуымен бітті

  Пікірлер

blog.share

"Астана" мен "Лозана" матчі екі гол және ойншының алаңнан қуылыуымен бітті ©Маржан Қуандықова

"Астана" футбол клубы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде швейцариялық "Лозаннадан" ұтылып, жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Астана" футбол клубы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде швейцариялық "Лозаннадан" ұтылып, жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астанада өткен жауапты матчта қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Голдарды 48-минутта Беятт Лекуэйри мен 66-минутта Гауссу Дьяките соқты.

Бірінші гол доптың бағытын өзгертуі салдарынан Лекуэйриге соққы жасауға қолайлы позицияға шығарғандығынан болса. Ал екінші гол - "Астананың" қорғаныстағы сәтсіз ойынының салдары. Дьяките қорғаушы Кипрас Кажуколовасты оңай айналып өтіп, дәл соққы жасады.

Екінші голдан кейін "Астана" жеңілісті іштей мойындағандай болды. Жағдайды 86-минутта Макс Эбонгтың алған қызыл қағазы қиындата түсті - команда азшылықта қалды.

Екі ойын қорытындысы бойынша жалпы есеп "Лозаннаның" пайдасына 5:1. Енді швейцариялық клуб Конференция лигасының плей-офф кезеңінде "Сент-Патрикс Атлетик" (Ирландия) пен "Бешикташ" (Түркия) арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

 

 

 Сурет: Маржан Қуандықова

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!