"Астана" мен Қазақстан құрамасының қақпашысы "Тобылға" ауысатын болды
Елордалық "Астана" командасының қақпашысы Дмитрий Непогодов карьерасын өзге қазақстандық командада жалғастыруы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Елордалық "Астана" командасының қақпашысы Дмитрий Непогодов карьерасын өзге қазақстандық командада жалғастыруы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Meta-ratings.kz порталының ақпараты бойынша, 33 жастағы қақпашыға "Тобыл" командасы қызығушылық білдіруде. Қостанайлық команданың басшылары Непогодовты Александр Мокиннің орнын басады деп сенуде.
"Тобылдан" Егор Цуприков кеткеннен кейін екінші қақпашының орны бос қалды. Негізі "Тобыл" басшылары бұл орынға жас Мұхаммеджан Сейсенді алғысы келген. Алайда ол "Тараз" командасымен келісімшартын ұзартты.
Непогодов "Астана" командасына ауысарға дейін "Тобыл" сапында ойнаған. Сондықтан командамен жақсы таныс.
Айта кетейік, биыл Непогодовтың елордалық командамен үш жылдық келісімшарты аяқталды. Ал "Астана" онымен келісімшартты ұзартпады.
Жарнама