"Астана" мен "Қайраттың" келесі маусымға арналған бюджеті белгілі болды

©kazfootball.kz

Елордалық "Астана" футбол командасы мен алматылық "Қайрат" футзал командасының 2022 жылға арналған бюджеті белгілі болды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы "Kozachkov offside" телеграм-каналына сілтеме жасап. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, "Астана" командасының келесі маусымдағы бюджеті 9,7 миллион еуро (4,8 миллиард теңге) болады. 

Айта кетейік, өткен маусымда "Астана" командасына 18,6 миллион еуро бөлінген еді. Бірақ оның жартысы 2018-2021 жылғы аралығындағы қарыздарды жабуға кетті. 

Ал "Қайрат" футзал командасына 2022 жылы 2 миллион еуро қарастырылған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: