"Астана" мен "Қайрат" және басқа ҚПЛ матчтарына тікелей трансляция

©"Астана" ФК

Бүгін, 14 мамыр күні футболдан Қазақстан чемпионатының 11-тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Елордада турдың орталық матчында "Астана" мен "Қайрат" кездеседі. Бұл ойынды 18:00 бастап Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен өткізіп алмаңыз.

16:00 Қарағандыда жергілікті "Шахтер" өз алаңында "Ордабасыны" қабылдайды. Ал 18:00-де "Атырау" мен "Қызыл-Жар" арасында кездесуі басталады. Бұл ойындарды ПФЛК ТВ арнасынан тамашалай аласыздар.

Сонымен қатар, 20:00-де "Ақсу" мен "Тұран", "Ақтөбе" мен "Тобыл" матчтары өтеді. Турнир кестесінің көшбасшылары "Каспий" мен "Тараз" 15 мамырда кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport