"Астана" мәскеулік "Спартак" футболшысына ұсыныс жасады

Сурет: championat.com

"Спартак" қақпашысы Александр Селихов қысқы трансферлік кезеңде мәскеулік клубтан кетіп, карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін еді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшының агенті Павел Андреев Metaratings.ru порталына берген сұхбатында голкиперге "Астана" командасынан ұсыныс түскенін растады. Алайда Селихов одан бас тартқан. 

"Саша "Астанаға" ауысудан бас тартты. Қазіргі таңда осы дұрыс деп шештік", - дейді Андреев. 

Биылғы маусымда Селихов "Спартактың" негізгі командасы үшін бірде-бір матч өткізбеді. Жарты жыл сауыққан жарақаттан кейін қақпашы "Спартак-2" командасында жүр. Оның мәскеулік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Мұның алдында "Спартактың" өзге ойыншысы - қорғаушы Илья Кутепов те "Астанаға" өтуден бас тартқан.