"Астана" "Манчестер" Юнайтедті" жеңгеннен кейін Қазақстан УЕФА рейтингінде көтерілді

4 желтоқсан 2019 12:12
© "Астана" ФК
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінің бесінші тур матчінен кейін Қазақстан УЕФА клубтық коэффициенттер рейтингінде 24-ші орынға көтерілді, - деп хабарлайды ҚФФ.

Қазақстандағы шок - шетелдік БАҚ "Астананың" "Манчестер Юнайтедті" жеңуі жайында

Еурокубоктардың 2019/20 маусымынан бастап клубтық коэффициенттер 2015/16 маусымынан бергі еурокубоктардағы қауымдастықтың барлық клубтардың нәтижесі негізінде есептеледі. 

УЕФА-ның коэффициенттер кестесі:

1. Испания - 93.426 (10.071)
2. Англия - 82.033 (10.142)
3. Германия - 65.355 (9.285)
4. Италия - 63.367 (7.642)
5. Франция - 53.582 (6.000)
6. Португалия - 47.249 (8.100)
7. Ресей - 45.216 (4.333)
8. Бельгия - 36.900 (6.600)
9. Нидерланд - 34.950 (8.600)
10. Украина - 33.300 (4.400)
......24. Қазақстан - 19.375 (3.375)