Футбол
6 тамыз 2019 13:14

"Астана" құрамына жаңа легионер қосылды

© lesoir.be
"Астана" футбол клубы Черногория құрамасының қорғаушысы Жарко Томашевичті сапына қосты.

Астаналық команданың жаңа ойыншысы алтыншы нөмірмен ойнайды.

"Қазақстан футбол федерациясы Дауларды шешу палатасының шешіміне сәйкес "Астана" футбол клубының сапына қорғаушы Жарко Томашевич "еркін агент" дәрежесінде қосылды", - делінген ҚКФЛ сайтындағы хабарламада. 

Томашевичті сапына қосқаны жайлы "Астана" 3 тамызда ресми жариялаған болатын. Transfermarkt.de порталында ойыншының трансферлік құны 1,2 миллион еуро екені көрсетілген.

Астаналықтар сапында черногориялық Марин Аничичтің орнын басады. Ал 29 қорғаушы карьерасын түркиялық "Коньяспорда" жалғастырады.