Футбол
24 қаңтар 2020 11:33

"Астана" ҚПЛ жаңа маусымы алдында бірінші трансфері туралы хабарлады

© "Астана" ФК
Португалияда медициналық тексерістен толық өткеннен кейін Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян "Астанамен" келсімшартқа отырды, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Мұның алдында 26 жастағы футболшы отанында "Бананц", "Гандзасара", "Мика", сондай-ақ, македониялық "Вардар" мен қызылордалық "Қайсар" сапында ойнаған.

Армения құрамасы үшін Барсегян 28 матч ойнап, бес гол салған. Футболшының "Астанамен" келісімшарты екі жылға есептелген.

Еске салайық, "Астана" ҚПЛ жаңа маусымында "Астана Аренада" газонның ауыстырлуына байланысты ұзақ уақыт өз алаңында ойнай алмайды. Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек жаттықтыратын команда қазір Португалияда оқу-жаттығу жиынында жүр.