"Астана" ҚПЛ-2025 маусымының тоғызыншы туры аясында Жезқазғанның "Ұлытау" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аздаған басымдыққа ие болғанымен, "Астана" ұзақ уақыт бойы есеп аша алмады. Сырт алаңдағы бұл матч астаналық клуб үшін оңайға соқпады.
Тек 72-минутта Назми Грипши есепті ашып, "Астананы" алға шығарды. 90-минутта "Ұлытаудың" капитаны Сергей Кейлер есепті теңестіруге мүмкіндік алғанымен, тепкен добы маңдайшаға тиді.
Ал 94-минутта Станислав Басманов кездесудің соңғы нүктесін қойып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Осылайша, астаналық клуб 21 ұпай жинап, ҚПЛ-2025 турнирлік кестесінде үшінші орынға орналасты. Ал "Ұлытаудың" еншісінде бар болғаны екі ұпай ғана, олар 14-орында тұр.