"Астана" көшбасшысының жалақасы белгілі болды
Хорватиялық Марин Томасов елордалық "Астанада" 30 миллион теңгеге жуық жалақы алады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі дереккөзге сілтей отырып.
Хорватиялық Марин Томасов елордалық "Астанада" 30 миллион теңгеге жуық жалақы алады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі дереккөзге сілтей отырып.
Клубтың 35 жастағы Томасовпен келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады.
Елордалық команда көшбасшысы алдағы маусымға да клуб сапында қалуға қарсы емес.
Ал "Астана" өкілдері Томасовпен келісімшартты дәл осы талаптармен жалғастыра берудің мәні жоқ деп біліп, жалақына азайту мүмкіндіктерін қарастыруға дайын.
Қоса кетейік, "Астананың" бюджеті соңғы жылдары бірнеше есеге азайды.
Биылғы маусымда Томасов ҚПЛ-де "Астана" жейдесімен 18 ойын өткізіп, 10 гол мен алты нәтижелі пас авторы атанды. Ол елордалық клуб намысын 2017 жылдан қорғап келеді.
Жарнама