"Астана" қорғаушы Елдос Ахметовты командаға қайтып алатын болды

26 желтоқсан 2021 12:47
©"Ертіс" ФК

"Тараз" командасының қорғаушысы Елдос Ахметов карьерасын басқа клубта жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, 31 жастағы қорғаушы "Астана" командасына қайта оралуы мүмкін. Ахметов елордалық команда сапында 2013 және 2015 жылдары аралығында өнер көрсетіп, 43 ойынға қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. 

Содан соң ол "Ертіс", "Қайрат", "Қайрат-Жастар" және "Қайсар" командаларында ойнады. 

2021 жылғы маусымды Ахметов "Тараз" сапында өткізіп, командасымен Қазақстан чемпионатында 10-орын алды. Өткен маусымда қорғаушы 22 ойын өткізіп, бір мәрте гол салды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: