“Астана“ Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жете алмады
"Астана" футбол клубы жаңа форматтағы Конференция лигасының плей-офф кезеңін өте алмады. Жарыстағы соңғы ойында Кипрдің АПОЭЛ командасымен тең түсті, деп хабарлайды msports.kz.
"Астана" футбол клубы жаңа форматтағы Конференция лигасының плей-офф кезеңін өте алмады. Жарыстағы соңғы ойында Кипрдің АПОЭЛ командасымен тең түсті, деп хабарлайды msports.kz.
Никосияда өткен ойында 1:1 есебі тіркелді. "Астананың" плей-оффқа шығуы үшін ірі есеп айырмасымен ұтуы керек болған.
Бірінші таймда командалар есеп аша алған жоқ. Екінші таймда екі гол соғылды. 56-минутта Анасасиос Донис алаң иелерін алға шығарды. 64-минутта "Астана" сапынан Кипрас Казуколовас есепті теңестірді.
Қазақстандық клуб сапынан Макс Эбонг, АПОЭЛ қатарынан Яннис Сациас қызыл қағаз алып, ойынды ерте аяқтады.
5 ұпай жинаған "Астана" плей-оффтың електік кезеңіне өте алмады. Топта 28-орын алды. 11 ұпай жинаған АПОЭЛ плей-оффта ойнайды.
Жарнама