"Астана" Конференция лигасының матчіне әлі аттанған жоқ

©"Астана" ФК

"Астана" Конференция лигасының сырт алаңдағы "Ракувамен" ойынға әлі аттанбады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Клуб бос чартер таппай жатыр екен, осының салдарынан Польшаның Ченстохова қаласына ұшу кейінге қалдырылды. 

Енді команда шашамен бүгін, 20 шілде кешкісін аттану керек. Бұлай болса, астаналық клуб жергілікті стадионда ойын алды жаттығу жасап үлгермейді. 

Конференция лигасы екінші іріктеу раундының "Ракува" мен "Астана" арасындағы матч ертең, түнгі 01:00-де басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport