"Астана" Конференция лигасындағы соңғы ойында ойсырай ұтылды

©"Астана" ФК

"Астана" Конференция лигасының соңғы турында Чехияның "Виктория" командасынан ойсырай ұтылды. Ойында алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті. 

Пльзеньдегі "Дусан Арена" алаңында өткен кездесудегі үш гол да екінші таймда соғылды. 58-минутта Адам Влканов есеп ашса, 67 және 82-минуттарда гол соққан Джон Москера дубль жасады. 

Осылайша, "Астана" "С" тобында 4 ұпаймен 3-орынға тұрақтап, биылғы еурокубок жарысын аяқтады. 6 ойыннан толық 18 ұпайды иеленген "Виктория" топта бірінші орын алып, плей-оффқа өтті. Екінші жолдаманы Загребтің "Динамо" командасы жеңіп алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: