Бүгін, 14 тамызда елордалық "Астана" Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында өз алаңында швейцариялық "Лозанна" клубымен ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу "Астана Арена" стадионында өтеді және сағат 19:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында 18:50-де басталады.
"Астана" – "Лозанна" матчінің тікелей көрсетілімі
Еске салайық, бірінші матч Швейцарияда өтіп, онда "Лозанна" 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Қазақстандық клуб сапынан жалғыз голды Иван Башич соқты.
Бұл жұптың жеңімпазы Конференция лигасының финалдық іріктеу кезеңіне жолдама алып, келесі айналымда "Сент-Патрикс Атлетик" (Ирландия) – "Бешикташ" (Түркия) дуэтінің жеңімпазымен кездеседі.
Жарнама