Конференция лигасының 4-турында "Астана" футбол клубы Алматыда Португалияның "Витория Гимарайнш" ұпай бөлісті, деп хабарлайды msports.kz сайты.
Орталық стадионда өткен матчта 1:1 есебі тіркелді. Ойынның 40-минутында Бранимир Калайца есеп ашып, "Астананы" алға шығарды.
63-минутта Джеффри Чинеду елордалық команданың екінші голын соққан. Алайда бас төреші голға дейін ойын ережесі бұзылғанын анықтап, нәтижені есепке алмады.
Ойын аяқталар тұста қонақ команда есепті теңестіріп кетті. 89-минутта Хесус Рамирес португалдық клубты жеңілістен құтқарып қалды. Осылайша, командалар бір-бір ұпайдан еншіледі.
Григорий Бабаян шәкірттері келесі ойынын 12 желтоқсан күні Алматыда "Челсиге" қарсы өткізеді. Соңғы турда сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ командасымен кездеседі.