"Астана" командасының басшылар қатарында өзгерістер болды

©"Астана" ФУ

"Астана" футбол клубының басшылығында өзгерістер орын алды. Директор міндетін атқарушы қызметіне қазақстандық маман Санжар Сейітқазинов тағайындалды, деп хабарлайды ұжымның ресми сайты. 

Бұған дейін, ол "Каспий" футбол клубында директор болып жұмыс істеген болатын. Сонымен қатар, мәскеулік RMA бизнес-мектебінің "Ойын спорт түрлерінің менеджменті" факультетінің түлегі және президенттік жастар кадрының резерві құрамына кіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: